Әділет министрі: Қазақстан - «Цифрлық нотариат» жобасын енгізген әлемдегі 3-ші ел

Министр Азамат Есқараевтың айтуынша, енді қазақстандықтар сенімхаттардың барлық түрлерін eGov Mobile арқылы онлайн форматта рәсімдей алады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мұндай қызмет дүниежүзінде екі елде ғана бар, ол - Франция мен Литва. Енді бүгін олардың қатарына Қазақстан да қосылды. Басты мақсат - халықтың сенімхат алудағы жағдайын жеңілдету. Енді кез келген азамат әлемнің қай түкпірінде болмасын сенімхатты нотаруиста онлайн куәландыра алады, - деді Әділет министрі.

Оның айтуынша, жоба әзірге пилот түрінде болғандықтан, онлайн жүйеге сенімхаттың 3-4 түрі ғана кірді.

Айта кетейік, бүгіннен бастап қазақстандықтар сенімхатты онлайн-режимде рәсімдей алады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Видео: Нұрасыл ЕРЖАНОВ
Өзгелердің жаңалығы