Әділет министрі Финляндияның Әділет канцлерімен кездесті
ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев Финляндия Республикасының Әділет канцлері Туомас Пойстимен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, «Адам құқықтары" «Конституциялық сот туралы» және «Прокуратура туралы» Конституциялық заңдарды талқылады.
Сондай-ақ тараптар Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне жүргізілген тексеруді, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатының мәселелеріне тоқталды.
Қатысушылар Қазақстан Республикасының аумағында заң үстемдігін қамтамасыз ету шеңберінде қабылданған шаралардың маңыздылығын және бірлескен жұмыс перспективаларын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар одан әрі ынтымақтастықты жалғастыруға ниет білдірді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жыл басынан бері 115 403 елордалық ауруханадан ем алған
Келесі жаңалық
Жем пайдалану локомотив депосының бастығы сотталды
Өзгелердің жаңалығы