Әділет министрі елорда тұрғындарымен кездесу өткізеді

Әділет министрі Қанат Мусин 25 тамызда "ҚР Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК ғимаратында елорда тұрғындарымен кездеседі. Осыдан кейін ведомство басшысы азаматтарды қабылдайды, деп хабарлайды BAQ.KZ Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

25 тамыз күні сағат 10:30-да Қанат Мусин елорда тұрғындарымен кездесу өткізеді. Іс-шара Мәңгілік Ел даңғылы, 57а мекен-жайы бойынша орналасқан "ҚР Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК ғимаратында өтеді.

Азаматтардан сұрақтар, сұрау салулар мен ұсыныстар жинау электрондық пошта мекенжайы бойынша қабылданады: d.ordabaeva@adilet.gov.kz.

Кездесуден кейін сағат 14:30-да сол ғимаратта министр елордалық азаматтарды жеке қабылдайды. Оған жазылу 23 тамыз күні сағат 16.00-ге дейін Нұр-Сұлтан қаласы Әділет департаментінің 32-11-54, 8-702-470-45-08 телефон нөмірлері бойынша жүзеге асырылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы