Әділбек Жақсыбеков «QazaqGaz» директорлар кеңесінен шығарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Самұрық - Қазына» АҚ басқармасының 2022 жылғы 18 ақпандағы шешіміне сәйкес «QazaqGaz» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің құрамы өзгертілді.
Бұл туралы «QazaqGaz» баспасөз қызметі хабарлады.
Осы шешіммен Әділбек Жақсыбеков, Қайрат Шәріпбаев және Мәлік Сәулебай өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды.
«QazaqGaz» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері, «Самұрық - Қазына» АҚ мүдделерінің өкілдері болып Ернат Бердіғұлов пен Николай Казутин сайланды.
Ернат Бердіғұлов «QazaqGaz» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.
Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, «QazaqGaz» ҰК» АҚ директорлар кеңесі төрт адамнан тұрады: Е.К. Бердіғұлов, Н.Ю. Казутин, А.А. Нұрғазиев, С.Ж. Жаманбалин.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Nur Otan-ның XXII Съезіне 399 делегат сайланды
Өзгелердің жаңалығы