Әділбек Мусин суда жүзуден Ислам ойындарында күміс медаль жеңіп алды
ҚР жүзу құрамасының өкілі Әділбек Мусин Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен Ислам ынтымақтастық ойындарында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстандық жүзгіш 100 метрге баттерфляй жүзуде 52,73 секунд уақыт көрсетіп, өзбекстандық Элдорбек Усмоновтан (52,59) кейін келді.
Угандалық Джесси Сенгози қола медальді (53,45) жеңіп алды, ал тағы бір қазақстандық Максим Сказобцов 53,57 уақытпен төртінші орын алды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы