Әдеп жөніндегі уәкілге қызмет бабын заңсыз пайдалану туралы тікелей айтуға болады
Бұдан былай мемлекеттік қызметшілер мен лауазымды тұлғалардың тарапынан болған дөрекілік, әділетсіздік, қызмет бабын заңсыз пайдалану туралы мәліметті Әдеп жөніндегі уәкілдің тікелей уатсап нөміріне жіберуге болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Атырау облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Фарида Ахметова айтты.
Мен, Ахметова Фарида Төлегенқызы, Атырау облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілімін.
Егер Сіз облыстың жергілікті атқарушы органдары (Атырау облысы, Атырау қаласы және аудандар, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары, облыс әкімдігінің басқармалары, аудан әкімдіктерінің бөлімдері) мемлекеттік қызметшілері-лауазымды тұлғалардың тарапынан дөрекілік, әділетсіздік, өтініштер бойынша нақты шаралардың қабылданбауы, қызмет бабын заңсыз пайдалану, жұмыс барысында заңсыз шешімдер қабылдау, қызметтік автокөліктерді мақсатсыз пайдалану, қызметтік тәртіпті сақтамау, өзінің іссапар шығындарын өтетуге итермелеу және т.б. фактілерге тап болған жағдайда, маған тікелей 8(7122) 956628, +77781543401 (ватсап) нөмірлері арқылы хабарласуға болады, - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.