Әдеби сыйлыққа деректі шығармаларды қосу керек – Халық жазушысы
Жазушылардың жаңа буынын қалыптастыру мақсатында тұңғыш рет ұйымдастырылған байқау жастардың шығармашылығына серпін берді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Жеңімпаз болған шығармамның атауы – «Қалалық құстар» өлеңдер және шығармалар жинағы. 2021 жылы «Кәусар» баспасынан жарыққа шықты. Бұл жерде аудармалар мен өлеңдер жинақталған. Мүшәйраға үнемі қатыспаймын. Дегенмен тұңғыш рет ұйымдастырылған «Президенттік арнаулы әдеби сыйлықтың лауреаты» атанғаныма қуаныштымын. Соңғы жылдары әдебиетке ерекше көңіл бөлініп келе жатыр. Бұл да соның бір белгісі деп есептеймін. Әсіресе, төрт аталымның атауы балалар әдебиетіне бағытталған. Менің балалар әдебиетіне де қалам тербейтінім бар. Дәл осы төрт бағыт бойынша қарқынды жұмыс істеу қазақ әдебиетінің стратегиялық дамуына септігін тигізбек, – дейді Бексұлтан Нұржекұлы.
Халық жазушысы Бексұлтан Нұржекұлы Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа деректі шығармаларды қосу керек екенін, осы жанрды дамытуды қолға алу керек екенін айтып өтті.
Әдебиеттің негізгі бастауы балалар әдебиеті деп санаймын. Балаға әу басында жақсы шығарманы ұсынып, оның білімді ұрпақ болуына септігін тигізеді. Бала кезінде оқымаған бала ересектерге арналған шығарманы да оқымайды. Осы ретте айта кетерлігі, байқауға деректі шығармаларды қоссақ. Деректі шығарма жазған адам пікір айта біледі, қоғамға жанашырлық танытар еді. Ал жеңімпаз болған қыз-жігіттерді шын жүректен құттықтаймын. Жеңісті күндерің көп болсын! – дейді жазушысы Бексұлтан Нұржекұлы.