Әдеби редактор мамандығының мәртебесін көтеру қажет – Жазушылар одағы төрағасы

Бұл туралы Қазақстанның Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов Мәдениет және ақпарат министрлігінің алқа отырысында айтты, деп хабарлайды, BAQ.KZ тілшісі.

Менің өзім Мәдениет туралы заңға жазушының мәртебесін енгізу туралы ұсынысты толық қолдаймын. Сонымен бірге баспа мен редактор туралы да тармақ енгізуді ұсынамын. Өйткені соңғы кезде баспа да, редактор да кітап шыққан бойда ұмыт қалады. Әсіресе әдеби редактор деген мамандықтың мәртебесін көтеретін уақыт әлдеқашан жетті, – деді ол өз сөзінде.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстан Жазушылар одағы тарапынан айтылған ұсыныстар ескерілетінін айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов
Өзгелердің жаңалығы