Адасып кеткен балықшы аман табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпанның ақ бораны Тайынша ауданында да қатты болып, Петропавлдан келген 37 жастағы балықшыны адастырып жіберген. Ол өзінің Макашев ауылының түбіндегі Құндыкөлдің маңында адасқанын телефонмен полицияға хабарлап үлгерген.

Учаскелік полиция инспекторы, ауыл әкімі, ТЖ қызметкерлері, ауыл тұрғындары, қорықшылар бар - бәрі жоғалған адамды іздеуде күш жұмылдырған. Соның ішінде аңшылық шаруашылығының басшысы Қоблан Бекмурзин өзінің «Хищник» маркалы қар мен қопада жүретін көлігімен адасқан адамды таңғы сағат төрт кезінде тапқан. 

Балықшы үсуден аман, ауылға жеткізілді, қазір оның өміріне еш қауіп жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы