Адамзаттың ортақ топырағына егілген үміт дәндері

Бұл туралы Еуропалық құқық және адам құқығы институтының директоры Марат Бәшімов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

85 жастағы  Рим Папасы Франциск үшін «әлемнің үйлесімділігі» маңызды. Маған оның салиқалы сөздері ұнады. Жақында понтификтің азаматтық қоғам, ҮЕҰ, БАҚ, діни және ұлттық мәдени орталықтар, дипломатиялық корпус өкілдерімен кездесуі аяқталды. Биыл Қазақстан мен Ватикан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толады. Рим Папасы өзінің Қазақстанға келгенін ерекше құрмет екенін атап өтіп, елімізді ұлттық аспабымыз домбырамен салыстырды және оны Қазақстанның мәдени елтаңбасы, символы деп атады, - деді сарапшы.

Сондай-ақ Понтифик Қазақстанды тек батырлар, ойшылдар және өнер адамдарының отаны емес, сонымен бірге азапты да көрген  ел екенін айтты.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев понтификтің адамзат игілігі жолындағы дәйекті күш-жігерін құптап, оның Қазақстанға келуі адамзат тарихындағы осынау бетбұрыс кезеңінде маңызды екенін және әртүрлі мәдениеттер мен дін өкілдерінің уақыты келгенін айтты. Президент бейбітшілік, қоғамдық келісім және өзара қолдау жолында адамдарды біріктіру үшін даналық пен жігер көрсету қажет екенін айтқан еді, - деді Марат Бәшімов.

Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде біздің елімізде «бірлік – әртүрлілікте» қағидасына негізделген этносаралық және конфессияаралық келісімнің өзіндік моделі қалыптасқанын айтып өтті.

Бүгінгі таңда Қазақстан Орталық Азиядағы ең үлкен католиктік қауымдастықтың отаны. Христиандар өзге діндарлармен бірге толеранттылық пен өзара сыйластық атмосферасы орнаған Әділетті Қазақстанды құруға зор үлес қосуда деген еді  Мемлекет басшысы. Сондай-ақ ол Қазақстанның әлемдегі келісім мен диалогты қамтамасыз етуге бағытталған күш-жігерінің ажырамас элементі әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерін өткізу болып табылатындығына тоқталды, - деді ол.

Айтуынша, съезд адамдарды айырмашылықтарына қарамастан біртұтас тұтастыққа біріктірудің жақсы үлгісі. Сонымен қатар ол Рим Папасының еліміз жайлы және Мемлекет басшысы жайлы айтқан сөздерін мысалға келтірді.

Қазақстан Президенті тек диалог, адами бауырластық пен сыйластық қана бейбіт қатар өмір сүру мен толеранттылыққа мүмкіндік беретініне нық сенімді. Осыған байланысты мен Қасиетті Тақтың Конгресс жұмысына терең араласуын және баға жетпес қолдауын жоғары бағаладым. Дұшпандықты ушықтырмауды және қарсы блоктарды күшейтуді тоқтатуды үйренудің уақыты келді. Бізге халықаралық деңгейде халықтар арасындағы өзара түсіністік пен диалогты ілгерілететін және «Хельсинки рухын» жандандыратын, көпжақтылықты нығайтуға, тұрақты және бейбіт әлем құруға ұмтылатын, жаңа ұрпақтардың қамын ойлайтын көшбасшылар қажет. Бұл әркіммен түсіністікті, шыдамдылықты және диалогты қажет етеді. Қайталап айтамын, барлығымен бірге! – деп орынды атап өткен болатын Рим Папасы.

Сонымен қатар Понтификтің айтуынша,  дінаралық диалогқа деген қамқорлықпен қатар, мұның бәрі адамзаттың ортақ топырағына егілген үміт дәндері.

Біз оны жаңа ұрпақ, жастар үшін өсіруіміз керек. Қасиетті Тақ бұл жолда сізді қолдайды, - деп түйіндеген Рим Папасы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы