Адамзат Жер бетінен қашан жойылып кетуі мүмкін?
Американың аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқармасы – NAS-ның ғалымдары Жер бетіндегі тіршіліктің қашан жойылуы мүмкін екендігіне болжам жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Зерттеуді олар Жапонияның Тохо университетіндегі әріптестерімен бірігіп жүргізген.
NASA мен ғалымдардың зерттеуі көрсеткендей, өз эволюциясы барысында Күннің көлемі бірте-бірте ұлғая береді. Бұл процесс бұрыннан белгілі.
Соның салдарынан біздің "Құс жолы" (өзге тілдерде негізінен "Сүт жолы", Milky way) атты алып аумақты спиральді галактикамыздағы осы жұлдызымыз жылу энергиясын барған сайын көп өндіреді. Жерге қарай дүркін-дүркін плазма лақтырып, радиациясын күшейтеді.
Модельдеу нәтижелеріне сәйкес, біздің планетамыздағы өмір 1 000 002 021 жылы доғарылуы ықтимал.
Басқаша айтқанда, адам баласының өсіп-өнуіне, өмірден ләззат алып, құмарын қандыруына, түрлі мақсатына жетіп марқаюына биылдан бастағанда шамамен 999 999 996 жылы бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы