Адамзат үшін қандай вирустың қауіпті екені анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ғалымдарға жасанды топқа жатқызылатын қауіпті вирустардың түрі белгісіз болып шықты. Себебі олардың бар екендігіне бірде-бір дәлелді жайт жоқ деп жазады ИТАР-ТАСС.

Сондықтан адамзатқа олардан келер қауіп жоқ деп отыр мамандар. Жасанды вирустарды биологиялық қару ретінде шығару тиімсіз, себебі олар сұрыптап жатпастан бәрін бірден зақымдайды. Ал адамдарға шын мәнінде табиғатта пайда болған вирустар қауіпті.

Табиғатта қауіпті вирустар бар ма? Бар, оған біз пандемия кезінде көз жеткізіп отырмыз. Бұл жаңа коронавирус немесе өзге де вирустар болуы мүмкін, - деп атап өтті вирусологтар.

COVID-19-дан байқағанымыздай, жаңа вирустардың пайда болуы күтпеген жерден орын алады.

Алайда оның бастапқы белгілері болды. Бұл атипті пневмония мен MERS вирусы – бұл Таяу Шығысқа тән респираторлық синдром вирусы. Аталған вирустарға тиісінше мән бермегендіктен, бүгінде індет әкелген үлкен шығындармен бетпе-бет келіп отырмыз, - дейді мамандар.

Олардың айтуынша, вирустың екі түрі бар: жоғары ықтималдылықпен өлім-жітімге алып келеді, бірақ оңайлықпен таралмайды. Ал енді бірі керісінше, қайғылы жағдайға ұшыратпағанымен, өте жұқпалы. Осы орайда жұқпалы вирустардан төнетін қатер көп.

Вирустардың міндеті сол – көп өлтіру емес, популяцияда көбірек қалып, адамдарға барынша жұғу, - деп түсіндірді ғалымдар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы