Адамзат тарихындағы ең алып зымыран сынақтан өтті
SpaceX жасаған алып зымыран ғарышта бір сағат болып, Үнді мұхитына сәтті қонды.
SpaceX компаниясы екінші талпынысында өзінің ең үлкен Starship V3 зымыранының 12-сынақ ұшуын жүзеге асырды. Зымыран Үнді мұхитына сәтті қонды.
DW басылымы таратқан ақпаратқа сәйкес, осы уақытқа дейін жасалған ең ірі зымыран – Starship V3 атты жаңа буындағы үлкейтілген прототиптердің алғашқысы – 23 мамырға қараған түні сынақ ұшуынан салыстырмалы түрде сәтті өтті. Илон Маск иелік ететін SpaceX компаниясының Техас штатындағы ғарыш айлағынан ұшырылған зымыранның трансляциясы Маскке тиесілі X әлеуметтік желісінде көрсетілді.
Starship V3 тік қалыпқа келіп, ғарышта шамамен бір сағат уақыт өткізді. Кейін алты қозғалтқышының біреуі істемей тұрғанына қарамастан, Үнді мұхитына басқарылатын қону жасады. Оған дейін ғарыш аппараты Super Heavy үдеткішінен бөлініп, ғарышта инерциямен қозғалған.
Бұл сынақ ұшуы Starship бағдарламасы аясында 2025 жылдың қазан айынан бергі алғашқы ұшырылым болды. Мұндай зымыран жүйесі алғаш рет 2023 жылдың сәуірінде сыналған еді. Сол кезде ол бірнеше минуттан кейін толықтай жарылып кеткен.
V2 прототипімен болған бірнеше сәтсіздіктен кейін, SpaceX 22 мамырға қараған түні V3 моделін алғаш ұшыру әрекетінен бас тартқан. Себебі кері санақ аяқталуға санаулы секунд қалғанда зымыранда техникалық ақау пайда болған.