Адамзат Айға қайта оралды: 10 күндік миссияның мақсаты не?
50 жылдан кейін адамзат Айға қайта бет алды. 10 күндік миссия болашақ қонуға жол ашады. Бұл сапардың астарында қандай маңызды мақсаттар жатыр?
Экипаж ұшудың алғашқы 25 сағатын Жер маңындағы орбитада өткізіп, кеменің жұмысын тексереді. Одан кейін астронавтар негізгі қозғалтқышты қосып, Айға қарай бет алады. Сапар шамамен 10 күнге созылып, 2028 жылы Айға адам қондыру миссиясына жол ашуға бағытталған.
Сәрсенбі күні төрт астронавт Айға тарихи сапарға аттанды. Бұл – соңғы 50 жылдан астам уақыттан кейінгі алғашқы басқарылатын ай миссиясы.
Биіктігі 32 қабатты үймен тең зымыран бортында үш америкалық пен бір канадалық бар, ол Флорида штатындағы Канаверал мүйісінде орналасқан Кеннеди ғарыш орталығы аумағынан ұшырылды.
Айналадағы жолдар мен жағажайларға ондаған мың көрермен жиналды. Қызығушылық деңгейі 1960-1970 жылдардағы Аполлон бағдарламасы кезеңіндегі ай миссияларынан кем түспеді. NASA үшін бұл ұшу – Айда адамның тұрақты қатысуын қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.
Артемида 2 миссиясы кезінде дәл осы Флоридадағы ғарыш айлағынан бұрын «Аполлон» экипаждары да Айға аттанған болатын.
Экипаж құрамында америкалықтар Рид Уайзман, Виктор Гловер, Кристина Кох және канадалық Джереми Хансен бар.
Ұшырылымнан бес минут өткен соң миссия командирі Рид Уайзман капсуладан көргенін былай сипаттады:
Айдың әсем көтерілуін көріп тұрмыз. Біз соған қарай бет алдық, - дейді ол.
Ұшырылым алдындағы таңертең кернеу жоғары болды – зымыранға сұйық сутек құйыла бастады. Бұған дейін биыл кері санау жаттығуы кезінде қауіпті сутек ағуы тіркеліп, миссия кейінге шегерілген еді.
Бұл жолы, NASA үшін жеңілдікпен, ешқандай ақау байқалмады. Ұшыру тобы Space Launch System зымыранына 2,6 миллион литрден астам отынды ақаусыз құйып, экипажды кемеге отырғызуға дайындықты бастады.
Соңғы минуттарда басқа да техникалық мәселелер туындады: аккумулятор датчиктеріндегі ақау және апатты тоқтату жүйесіне командалар жіберу кезінде кідіріс болды. Екі мәселе де жедел шешіліп, ұшырылым жоспар бойынша жүзеге асты.
Екі жылдан кейін – қону миссиясы
Егер бәрі жоспар бойынша өтсе, астронавтар рекорд орнатады – олар Жерден бұрын-соңды ешбір адам бармаған қашықтыққа дейін ұшып барады.
1968 жылғы Аполлон-8 экипажынан айырмашылығы, олар Ай орбитасына кірмейді. Кеме Айдың жанынан ұшып өтіп, тағы шамамен 6 400 шақырым алға жылжиды, кейін бұрылып, Жерге қайта оралады. Миссия Тынық мұхитына қонумен аяқталады.
Бұл – жаңа буындағы SLS ай зымыранымен жүзеге асырылған алғашқы басқарылатын ұшу.
Миссия қазірдің өзінде тарихи деп аталып отыр: оның құрамында алғашқы қара нәсілді астронавт, алғашқы әйел және алғашқы америкалық емес ғарышкер бар.
«Аполлон» бағдарламасы Кеңес Одағымен ай жарысында жылдам жеңіске жетуді көздесе, «Артемида» бағдарламасы ұзақ мерзімді мақсаттарға бағытталған. Оның негізгі мақсаты – Айда тұрақты база құрып, оны болашақ экспедициялар үшін тірек нүктесіне айналдыру.
Сынақ ұшуының алғашқы 25 сағаты Жер маңындағы орбитада өтеді. Одан кейін астронавтар негізгі қозғалтқышты іске қосып, Айға қарай бағыт алады.
Жалпы миссия шамамен 10 күнге созылады және 2028 жылы адамдарды Айға қондыруға дайындық кезеңі саналады.
Төрт күннен кейін, Ай жанынан ұшып өткен сәтте, ол астронавтарға созылған қолдағы баскетбол добының көлеміндей көрінеді. Жарық қолайлы болса, олар бұрын ешбір адам байқамаған детальдарды көріп, толық Күн тұтылуының фрагменттерін байқай алады.
Ұшырылымнан кейін NASA әкімшісі Джаред Айзекман:
NASA қайтадан астронавтарды Айға жіберуге оралып жатыр, – деп мәлімдеп, жарты ғасырлық үзілісті "тек қысқа үзіліс", - деп атады.
Еске салсақ, бұған дейін NASA-ның Айға бағытталған миссиясы сәтті ұшырылғанын хабарладық. Зымыранға 2,65 миллион литрден астам криогендік отын құйылып, жалпы салмағы 2,6 мың тоннаға жуықтады.