Адамзат айға екінші рет қашан барады?
NASA айға баруды қайта көздеп отыр. Десе де технологиялық және қаржылық жағынан қиындықтар жоқ емес, деп хабаралайды BAQ.KZ тілшісі universemagazine.com сайтына сілтеме жасап.
Айға қонған алғашқы адамдар
1969 жылдың 20 шілдеде "Аполлон-11" миссиясы аясында адамзат алғаш рет Айға барды. Бұл тарихи оқиға бүкіл әлемді таңғалдырды.
Ғарышкерлер Нил Армстронг пен Базз Олдрин Айдың "Тыныштық теңізі" дейтін аймағына қонып, 2 жарым сағат бойы зерттеу жұмыстарын жүргізді. Олар айдың топырағы мен тастарынан үлгілер жинап, кейін сол аймаққа АҚШ-тың туын тікті. Ал миссияның үшінші мүшесі Майкл Коллинз командалық модульде қалып, олардың орбитаға қайта оралуын күтті.
Нил Армстронгтың Ай бетіне түскен сәтте айтқан сөзі тарихқа алтын әріптермен жазылды:
Адамның кішкентай ғана қадамы - бүкіл адамзат үшін үлкен секіріс, - дейді ол.
Енді қашан барады?
Былтыр желтоқсанда NASA "Артемида" бағдарламасына арналған баспасөз конференциясын өткізді. Жиынның бас тақырыбы көбіне "Орион" ғарыш кемесінің ақауына арналды. Онымен қоса, адамзат енді Айға қашан ұшатыны айтылды.
"Артемида II" миссиясы кезінде ғарыш капсуласының жылудан қорғайтын абляциялық экранына зақым келген. Инженерлер тексерген кезде экрандағы үлкен жарықтарды байқаған. Мұны себебін анықтау үшін NASA мамандары жүзден астам әртүрлі сынақтарды қамтитын ауқымды зерттеу жүргізді. Дегенмен техникалық ақауларға қарамастан, "Орионның" ішіндегі температура қауіпсіз және экипаждың өміріне қауіп төндірмейтіні анықталды. Кейін оны экран қабаты өзгертілмейтін болды.
Бұдан кейін NASA бұл миссиялардың кейінге қалдырылғанын жария етті:
"Артемида II" миссиясы 2025 жылдың қыркүйегінен 2026 жылдың сәуіріне ауыстырылды.
"Артемида III" миссиясы 2026 жылдың қыркүйегінен 2027 жылдың ортасына ауыстырылды.
Кедергілер мұнымен біткен жоқ. Жоба аясында Айға арналған скафандрлардың дайын емес еді, сондай-ақ SpaceX компаниясының Starship кемесі толық дайын емес болды.