Адамзат әділ әрі еркін болуы тиіс – Абдель Азиз бен Ахмад Сархан
Мұндай пікірді Дүниежүзілік Ислам Лигасының арнайы өкілі, доктор Абдель Азиз бен Ахмад Сархан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі XXІІ Хатшылығының отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Біз бүкіл әлемде әрдайым тепе-теңдікті іздеуіміз керек. Сайып келгенде бұл моральдық тәртіпті орнату. Ондай принциптерді ұстанбасақ, біз дұрыс жолдан тайып кетеміз. Диалогтың маңызы зор. Барлық адам бір-бірімен диалогқа келу керек, соның арқасында халықтар жаманшылықтың барлығын еңсеріп, табиғатта да, бүкіл әлемдік жаратылыста да тепе-теңдікке пен қауіпсіздікке қол жеткізеді. Адамзат әділ әрі еркін болуы тиіс. Бұл – табиғаттың заңдылығы, - деді доктор Абдель Азиз бен Ахмад Сархан отырыста.
Сарапшы адамдар бір-бірінің діни сенім-нанымын жоққа шығармауы керегін атап өтіп, олардың моральдық, психологиялық бағыт-бағдары дұрыс болуы тиіс екенін айтты.
Егер қандай да бір кедергілер болса, бұл қоғамдағы тұрақтылыққа қауіп келтіреді. Бұлар жолдан тайып кеткендер болып саналады. Әділетсіздік және қараңғылықпен күресуіміз керек, - деді шетелдік сарапшы.
Доктор Абдель Азиз бен Ахмад Сархан әлемдегі барлық ұлтты бір-бірімен диалог жасап, көзқарас алмасуға шақырды.