Адамның өмір сүру ұзақтығы туған күнімен байланысты ма?
Көпжылдық еңбектің арқасында америкалық ғалымдар қызықты жаңалық ашты. Адамның туған күні мен айы оның өмір сүру ұзақтығына әсер етуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ Almaty.tv-ға сілтеме жасап.
Сонымен қатар олар туған күннің денсаулықтың әртүрлі аспектісіне де әсер ететінін анықтады. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, жылдың қай маусымында туғаны адамның тағдырына әсер етеді. Мәселен, күзде өмірге келгендер ұзағырақ өмір сүреді екен.
Ғалымдар мәліметінше, күз бен көктемде туылған жандардың өмір сүру ұзақтығының алшақтығы 40%-ға жуықтайды.
Сонымен қатар зерттеушілер денсаулық көрсеткіші де маусымдық сипатқа ие деп санайды. Мәселен, қыста туған жандарда көз дерті және аллергияға шалдығу көрсеткіші жазда туғандармен салыстырғанда әлдеқайда төмен екен.
Тағы бір қызықты мәлімет- дүниеге келу мезгілі оқу көрсеткішіне де әсері бар көрінеді. Оқу жылының басында туылған балалар сабақты жақсы оқиды-мыс. Дегенмен, ғалымдар мақсатымыз тағдырды болжау емес, туған айға байланысты әртүрлі факторларды зерттеу дейді.
Маусымдық өзгерістердің адам өміріне әсерін жан-жақты зерттеген ғалымдар, жыл мезгілдері адамның өмір сүру ұзақтығына әсер етеді деген қорытындыға келді. Айтуынша, сондай-ақ оптимистер пессимистерге қарағанда ұзақ өмір сүреді екен.