Адамды қағып өлтірген трамвай жүргізуші оқиға орнынан кетіп қалған
Қайғылы оқиға Павлодарда 29 маусым күні сағат 22:27 шамасында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметі мәлім етті.
Деректерге сүйенсек, Павлодар қаласының полициясына Мәшһүр Жүсіп - М.Горький көшелерінің қиылысында трамвай вагонының жүргізушісі 1965 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кеткені туралы хабарлама түскен.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Оқиғадан кейін жүргізуші апат орнынан кетіп қалған. Кейін трамвай анықталды, тексерілді және мөрленді. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда. Осы факті бойынша полиция ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қажетті сараптамалар тағайындалды, – делінген ведомство хабарламасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ринат Зайытов демалыста қай елге баратынын айтты
Келесі жаңалық
Апта басындағы валюта бағамы
Өзгелердің жаңалығы