Адамдардың сенімін жоғалтып алмау керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар географиялық қоғамының төрағасы Александр Вервекин Азаматтық альянс активі арасындағы Конституцияға түзетулерді талқылау барысында референдумға қатысқысы келетін адамдардың сенімін жоғалтып алмау керегін айтты.  

Қазіргі Конституция 27 жыл бұрын қабылданды. Мен ол кезде 4-сыныпқа көштім. Сондықтан конституциялық өзгерістерге байланысты референдум – тарихи оқиға. Конституцияның қабылданып, қабылданбауы біздің дауыс беріп, бермеуімізге байланысты. Адамдар сайлауға барғысы келмейді, өйткені сенбейді. Ал референдумға баруға ниетті адамдар көп. Олардың сенімін жоғалтып алмау керек, – деді ол.

Талқылауға басқа өңірлердің де азаматтық альянс мүшелері онлайн түрде қосылып, пікір білдірді.

Шығыс Қазақстан облысынан қосылған азаматтық альянс мүшесі өлім жазасын алып тастау туралы түзетуді қолдайтынын айтса, Нұр-Сұлтан қаласының азаматтық альянсынан қосылған Жанар Оспанова әрбір өңірді ақпараттық-түсіндіру жұмысын мықтап жасауға шақырып, әріптестеріне сәттілік тіледі. Ақтөбеден қосылған Ерәділ Бекниязов болса, халық арасында үгіт-насихат жүргізуге дайын екенін айтып, ел болашағы үшін өз таңдауымызды жасауға шақырды.  

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы