Адамдардың мобильді аударымдары не үшін тексеріледі?

Мобильді аударымдардың тескерілетін білген кейбір халық әлі дүрлігіп, түсінбей жүр. Бұл кімдерге арналған және қашан басталады? Бұл мәселені Мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары Айнұр Сартаева түсіндіріп берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, заң - салықты төлегісі келмей, одан жалтарып жүрген, яғни табысын жасырынған азаматтарға арналып енгізіліп отыр.

Елімізде егер кез келген азаматың бір жылдық табысы он екі еселенген ең төменгі жалақы мөлшерінен асып кетсе, кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті. Алайда олай еткісі келмейтіндердің қарасы әлі де көп. Жалпы, жоғары да айтқан өзгерістер бойынша бүкіл қазақстандықтарды тексеру тек 2025 жылдың қорытындысымен 2026 жылы толығымен іске асады. Биыл бақылау өткен жылдың қорытындысымен мемлекеттік қызметкерлер, олардың жұбайлары, мемлекеттік қызметке теңестірілген адамдар мен жұбайларына жүргізіліп жатыр, - деді Айнұр Сартаева.

Ол қазір бүкіліне сары уайымдайға салынудың керегі жоқ екенін айтады.

Мемлекеттік кірістер комитетіне банктерден банк шоттарына кәсіпкерлік қызметке байланысты ақша түсетін азаматтар туралы мәліметтер түсе бастаған.

Кәсіпкер екенін айқындау өлшемшарты - жеке тұлғаның банк шотына үш ай қатарынан ай сайын әр түрлі тұлғалардан 100-ден аса аударым түсуі.

Еске сала кетсек, ақпарат банктерден кезең-кезеңімен беріледі:

  • 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары бойынша (2022 жылдың қорытындысы бойынша);
  • 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайлары бойынша (2023 жылдың қорытындысы бойынша);
  • 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары және олардың жұбайлары бойынша (2024 жылдың қорытындысы бойынша);
  • 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап халықтың қалған бөлігі бойынша (2025 жылдың қорытындысы бойынша).

Бүгінгі таңда ақпарат тек мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары бойынша алынды.

Бақылау шаралары адал салық төлеушілерге әсер етпейді және жасырын кірістер мен тіркелмеген кәсіпкерлерді анықтауға бағытталған. Бұл ретте жеке тұлғалар өздерінің жеке мақсаттары үшін мобильді аударымдар жасай және қабылдай алады (туыстарына, достарына аударымдар, ата-аналар мен балаларға көмек, сондай-ақ, басқа да жағдайлар бойынша), - делінген хабарламада.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы