Маңғыстауда адамдарды ұрлаған экстремистер ұсталды – ҰҚК

Алматы, BAQ.KZ. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Ақтау мен Жаңаөзен тұрғындарын ұстады. 

Бұл туралы Lada.kz хабарлады.

Бір ер адам мен оның серіктері адамдарды ұрлап ірі көлемде ақша бопсалады деп айыпталуда.

Ұсталғандар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 125-бабы бойынша заң бұзды деп айыпталып отыр.

ҰҚК департаментінің мәліметінше, ұсталғандар "салафизм" дәстүрлі емес діни ағымды қолдаушылар.

Күдіктілердің тұрғылықты жерін тәркілеу кезінде қару-жарақ пен экстремистік сипаттағы діни материалдар табылды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - делінген департамент хабарламасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы