Бүгiн 2026, 10:17 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Адамдар жыл өткен сайын аз сөйлейтін болды: Зерттеушілер дабыл қағуда

Ғалымдар адамдардың аз сөйлей бастағанын анықтады.

Соңғы жылдары адамдардың аз сөйлей бастағаны белгілі болды. Ғалымдар анықтағандай, жыл өткен сайын адамдар күніне орта есеппен 338 сөзге кем сөйлейтін көрінеді. 

Naked Science мәліметінше, Канзас-Ситидегі Миссури университеті мен Аризона университетінің зерттеушілері 10 мен 94 жас аралығындағы 2197 адамның аудиожазбасын зерделеген.

Авторлар 2005-2019 жылдар аралығында жалпы саны 22 зерттеу жүргізген.

Бақылау нәтижесі көрсеткендей, жыл өткен сайын күнделікті айтылатын сөздердің саны орта есеппен 338-ге азайып отырған.

Жалпы алғанда, 2005 жылдан 2019 жылға дейін адамдар күніне 28 пайызға аз сөз сөйлейтін болған. Бұл көрсеткіш шамамен 16 600 сөзден 11 900 сөзге дейін құлдырады.

Демек, егер адамдар күніне орта есеппен 338 сөзге аз сөйлесе, бұл жылына 123 370 сөзге азаяды деген сөз.

Зерттеушілер әзірге бұл үрдісті нақты түсіндіріп бере алмай отыр. Болжамдардың біріне сәйкес, бұл технологияның дамуымен және мәтіндік хабарламалардың (смс-хаттардың) танымалдылығының артуымен байланысты болуы мүмкін.

Еске салайық, бұған дейін Адамзат тарихындағы ең алып зымыран сынақтан өтті