Адамдар саяси ұстанымын білдіруге құқылы, бірақ заңды сақтау керек – Әшімбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Nur Otan партиясы төрағасынының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Нұр-Сұлтан, Алматы және басқа да қалаларда өткен митингілер туралы пікір білдірді.
"Конституцияға және ҚР заңдарына сәйкес еліміздегі барлық азамат өз ұстанымын білдіруге құқылы. Сол себепті әр азамат саяси ұстанымын ашық айта алады. Заңда кез келген саяси іс-шара, қоғамдық-саяси акциялар еліміздегі заңға сай жүргізілуі тиіс. Заң бәріне ортақ. Бәріміз заңның соңынан жүруіміз керек. Бұл мемлекеттік органдарға, үкімет мүшелеріне, ұлттық компаниялар басшыларына, әкімдерге, ел азаматтарына қатысты. Барлығы заң алдында тең. Сол себепті азаматтар заң талаптарын сақтауы тиіс", - деп айтты Әшімбаев Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте.Ол 1 мамырда өткен Алматы мен Нұрсұлтандағы, басқа қалалардағы митинг туралы ойын білдірді.
"Адамдар пікір білдіруге, жиналуға құқылы. Бірақ мұны қатаң заңға сай болуы тиіс. Егер олай болмаса, егер заңды, ережелерді сақтамасақ, қоғам үшін мұның теріс салдары болады", - деді Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Арқан тартыстан республикалық турнир өтті
Өзгелердің жаңалығы