Адам зорлаған күдікті сот залынан қашып кетті

Алматы облысына қарасты Қаскелең қаласындағы аудандық сот залынан ҚР 120-бабы, 2-бөлігі бойынша зорлау жасады деген күдікті қашып кетті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Әлеуметтік желілерде Алматы облысының полиция қызметкерлері тексеріс жүргізіп, "Сирен" деп аталатын жоспар енгізілгені жазылған.
Аталған жағдайға қатысты Алматы облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.
Тергеу үстіндегі М есімді азаматтың қашып кетуіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қашқынды ұстау бойынша бірқатар шаралар қабылданып жатыр. Сонымен қатар, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қызметтік тергеу жүргізу тапсырылды. Азаматтардан сабыр сақтап, іздеуде жүрген азаматтың қайда екені туралы мәлімет білсе, дереу 102 нөміріне хабарласуын сұраймыз, - деді Алматы облысының Полиция департаменті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Иран Трамптың бомбалау қаупіне "жауап" дайындап жатыр
Өзгелердің жаңалығы