Вакцинаның алғашқы дозасынан кейін вирус жұқтырсаңыз, емделіп болған соң вакцинаның 2 дозасын да қайта аласыз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ОКҚ брифингінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова хабарлады.

Егер адам коронавирустық вакцинаның алғашқы дозасынан кейін ауырса, онда ол тиісті ем алады. Әрине, емдеу кезеңінде ол екінші дозаны алмайды. Сауыққаннан кейін бізде кез-келген вакцинация үш-алты ай өткеннен кейін басталады. Науқас қалпына келгеннен кейін үш-алты ай күтеді. Тиісінше, ол сауыққаннан кейін алты ай өткен соң вакцинацияның толық курсын бастайды, - деді Роза Қожапова.
Сонымен қатар спикер вакцинацияның толық курсы бірінші дозадан басталатынын айтты.

Біз қазір барлық қаулыда коронавируспен ауырған адамдар 3 ай ішінде вакцина алмайды деп көрсетілген және вакцинациядан босатылған, олар қандай да бір ұйымға барудан шеттетілмейді, жұмыстан шеттетілмейді және ПТР бізде тапсырылмайды, - деп атап өтті Қожапова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы