Адам сияқты берген ақшаға қожа болыңдар – Назарбаев үкімет мүшелерін сынады

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР президенті Нұрсұлтан Назарабев бүгінгі Үкіметтің кеңейтілген отырысында үкімет мүшелері мен облыс әкімдеріне бюджет қаржысын үнемдеуді тапсырды.


«Левый берег Кызылорда» деген шықты қазір. Астанада сол жағалау болса, оларда да болуы керек. Адамдар – инфрақұрылымға дейміз, керісінше емес. Салдың делік, енді көпір керек, ЖЭЦ салу керек, құбыр өткізу керек. Қызылорданың оң жағалауында жер жоқ па, сонда?» - деп сынады Назарабев.

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев құрылыс бас жоспар бойынша жүргізілетінін айтты. 

«Бас жоспарды біз жасаймыз, өзгерістер енгіземіз. Мен қарсы емеспін, бірақ қандай ақша шығындалатынын қарау керек. «Енді кімнің «левый берегі» бар тағы? Павлодар салсын, Өскемен салсын. Тағы кім бар, Орал салсын. Мұнымен қоса қосымша үй салу үшін құбыр жеткізетін боламыз, жол мен көпір саламыз. Адам сияқты берген ақшаға қожа болсаңдаршы. Мемлекеттің ақшасын неге үнемдемейсіңдер?» - деді Назарбаев үкімет мүшелеріне.
Назерке АБИБУЛЛА
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы