Адам сілекейіндегі қызылша вирусын анықтайтын құрылғы ойлап табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италия ғалымдары адам сілекейіндегі қызылша вирусын анықтауға қабілетті жаңа биосенсорлық құрылғы ойлап тапты.
Phys.org сайтының мәліметінше, құрылғының көлемі тиынның үлкендігіндей ғана.
Зерттеушілер құрылғыға lab-on-a-chip деген ат берген. Құрылғы қызылшаны диагностикалауға таптырмас құрал әлі жаңа микрофлюидтік биосенсорлық жүйелерді әзірлеуге нұсқаулық болады.
Жаңа технология алғаш рет «чиптегі зертхана» биосенсорикасы тұрғысынан бір чиптегі түрлі микроқұрылғылардың бірлескен жұмысын көрсетті, - деп атап өтті зерттеу жұмысының жетекшісі, Италия Ұлттық зерттеу кеңесі Наноғылымдар институтының қызметкері Марко Чеккини.
Осылайша, ғалымдар ауруды ерте сатысында диагностикалау үшін датниктердің анықтау шегін арттырған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қытайда БРИКС елдерінің жоғары деңгейлі 5-ші медиа форумы өтті
Өзгелердің жаңалығы