Адам саудасы: 70-ке жуық қылмыс жасалған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде айтты.
Нұрмағамбетов атап өткендей, жезөкшелік пен жеңгетайлық үшін орын ұсыну бойынша 22 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді.«STOP трафик» жедел алдын алу шарасының қорытындысы бойынша адам саудасына қатысты 70-тен астам қылмыс әшкереленді. Оның ішінде бас бостандығынан айыру бойынша бір дерек, адам саудасы бойынша 3 дерек, кәмелетке толмағандардың саудасы бойынша 7 дерек, жезөкшелікке тарту бойынша 16 дерек тіркелді, - деді ол.
Сондай-ақ қоғамдық жерде тиісу бойынша 400-ден астам әкімшілік хаттама толтырылды. Мәселен, БҚО-да тамыз айында 28-дегі әйел келісім арқылы жаңа туған нәрестесін ерлі-зайыптыларға берген. Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы