Адам құқықтары жөніндегі уәкіл 12 өңірде тергеуге алынғандарды ұстау жағдайын тексерді - ІІМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Осыдан бір апта бұрын Адам құқықтары жөніндегі уәкіл және ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары 12 өңірде тергеуге алынғандарды ұстау жағдайын тексерді. Сондай-ақ  заңдылықтың қамтамасыз етілуін тұрақты қадағалауды прокуратура органдары жүзеге асырады, - деді Мейрам Аюбаев. 

Ол атағандай, Комитетте және барлық өңірлік департаментте азаматтар оларды қызықтыратын сұрақтар бойынша өтініш білдіре алатын «Колл-орталықтар» ұйымдастырылды.

ҚАЖ мекемелеріне жеткізілген адамдардың барлығы медициналық тексеруден өтеді. Азаматтардың конституциялық құқықтарын мүлтіксіз сақтау бойынша біз барлық қажетті шараны қабылдап жатырмыз, - деді Аюбаев. 

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы