«Адам құқығын қорғаумен айналысатын» ұйым жалғызбасты ананың митингіге қатысуына «жағдай» жасаған

Адвокат Абзал Құспан Мәжілістің жалпы отырысында адам құқығын қорғау үшін құрылған қоғамдық институттар туралы шындықты айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біздің қолымызда жолдасы қаза болған, өзі үш баласымен әрең жанын бағып отырған әйелді құқық қорғау ұйымы өз мақсаттарына пайдаланғаны туралы нақты мәлімет бар. Ол әйелді Алматы, Астана қалаларында митингіге шығуға үгіттеп, көндірген. Кейін белгілі болғандай, «адам құқығын қорғаумен айналысатын ұйым» Алматыдан Астанаға және кері бағытқа әуе билетін алып, төрт жұлдызды қонақүйге орналастырып, үйде қалған сәбилеріне бала күтуші жалдап, оның митингіге алаңсыз қатысуына «жағдай» жасаған, - деді Абзал Құспан.

Сөзінше, арандатушылық бағыттағы іс-әрекеттер тек қаңтар оқиғасы кезінде ғана көрініс тауып қойған жоқ. Ол мемлекеттік құқық қорғау органдары тарапынан да, адам құқықтарымен айналысатын жекелеген қоғамдық институттар тарапынан да күні бүгінге дейін жалғасын тауып жатыр.

Біздің ойымызша, бұл – алаңдатарлық жағдай. Бірақ қаңтар оқиғасында митингіге шыққандардың бәрі «біреулердің» айдап салуынан болды деуден аулақпын. Жекелеген жағдайда ол жергілікті жердегі басшылардың мәселені шешудегі құлықсыздық таныту салдарынан да болғанын айтқым келеді. Мысалы, Қызылорда қаласында болған жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан Омаров Фархаттың анасы қазақ тапқан баласына қатысты қылмыстық іс құжаттарымен таныстырылмаған. Жергілікті атқарушы органнан ешқандай материалдық көмек алмаған. Осы сұрақтармен қабылдауға жазылса да, не облыс прокуроры не облыс әкімі қабылдамаған, - деп айтты Абзал Құспан.

Осындай мәселелермен адвокаттарға Қызылорда облысынан бірнеше ата-ана адвокаттарға хабарласқан. Десе де комиссия бұл мәселеге араласса да, мәселені шеше алмаған.

Салдарынан Фархаттың анасы Бейбігүл бірнеше мәрте Астанаға ұшып келіп, митингілерге шығуға мәжбүр болды, - деп айтты адвокат Мәжілісте.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы