Адам құқығы мен талабы бірінші орынға шығады – Дана Нұржігіт
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сенат депутаты Дана Нұржігіт «Екінші республиканың Конституциясы» тақырыбында өткен Қазақ ұлттық өнер университетінің жастарымен кездесу барысында айтты.
Біздің елімізде жүйелі өзгеріс болып жатыр.Суперпрезиденттік биліктен бас тартып, президенттік билікке ауысамыз. Бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды тұжырымдамасында әуелден болған, - деді Дана Нұржігіт.
Оның айтуынша, референдум арқылы халықтың билігі күшейеді.
Ең бастысы - адамның құқығы мен талабы бірінші орынға шығады. Конституциялық сотқа кез келген азамат өтініш бере алады. Бұл процестің жедел өзгеруіне ықпал еткен - қаңтар оқиғасы. Бұл - кезек күттірмейтін мәселе. Мемлекеттің болашағы үшін әрбір азамат референдумға қатысуы керек, - деді депутат.
Референдум — мемлекеттік маңызы бар мәселені халықтық дауысқа салу. Мұндай демокр. институт алғаш рет Швейцарияда қолданылды. Арнайы даярлық қажет ететін төтенше, шұғыл мәселе дауысқа салынбайды. Референдумға заң немесе халықаралық шарт жобасы, басқару сипатындағы мәселелер ұсынылады.