Адам қайтыс болған соң МӘМС-тегі ақша қайда кететіні белгілі болды
Адам қайтыс болғаннан кейін МӘМС жүйесі үшін төленген қаражаттың қайда кететіні белгілі болды. Бұл туралы Үкіметте өтіп жатқан баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова түсіндіріп берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
БАҚ өкілдері ведомство басшысынан медициналық сақтандырылған мәртебесі бар адам қайтыс болған жағдайда ол аударған қаражаттың қайда кететінін сұрады.
Жинақталу жағдайы әртүрлі. Егер БЖЗҚ-дағы қаражатта жинақталу сипаты болса, әлеуметтік медициналық сақтандыру сақтандырылған сипатта болып саналады. Сіз ол ақшаға тікелей үміттене алмайсыз. Себебі олар тек сақтандыру жағдайы орын алса, мәселен, шұғыл операциялық емді қажет ететін ауруға душар болса ғана қолданылады. Барлық қаражат қатаң бақылауда: біз тек қордың ғана емес, МӘМС қатысушылары болып сналатын барлық медициналық ұйымның есептілігін күшейтеміз, - деп жауап берді Ақмарал Әлназарова.
Еске салайық, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде ауқымды өзгерістер болады. Бұл өзгерістер туралы BAQ.KZ тілшісінің шолуынан оқи аласыздар.