Адам өлтіргені үшін іздеуде болған күдікті Бакуде ұсталды
Қазақстан ІІМ Интерполының сұрауы бойынша Баку халықаралық әуежайында 25 жастағы қазақстандық азамат ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ол кісі өлтіргені үшін іздеуде жүрген.
Күдікті жәбірленушінің ақшасын алу мақсатында оған дене жарақатын келтірген. Салдарынан ол көз жұмған. Кейін қаскөй мәйітті Алматы облысындағы Іле ауданына апарып тастап, өзі елден қашып кеткен. Қазіргі уақытта ұсталған күдікті қамауда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сыртқы істер министрі АҚШ елшісін қабылдады
Келесі жаңалық
Астана прокуратурасы инвестордың құқығын қорғады
Өзгелердің жаңалығы