Адам мен қоғам заман талабына сай болуы керек – академик

ҚР Ұлттық Ғылым академиясы Президентінің міндетін атқарушы, «Философия, саясаттану және дінтану институтының» бас директоры Серік Сейдуманов Президенттің халыққа арнаған Жолдауына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Академиктің пікірінше, модельдің басымдықтары әділеттілік, инклюзивтілік және прагматизм болып табылады. Ал басты мақсат – азаматтардың өмірін нақты жақсарту. 

Президент елді жан-жақты дамытуда саяси реформалармен шектеліп қалмай, бұл қайта құруларды елдің тұрмысын жақсарту мақсатындағы әлеуметтік реформаларға ұластыру керектігін айтты. Қазіргі кездегі жаһандық құбылыстар мен дүние жүзіндегі климаттың өзгеруі әлем елдерінің экономика саласын жан-жақты трансформациялауға мәжбүрлеп отырғаны белгілі. Бүкіл адамзат алдында аса күрделі сын-қатерлер тұрғандықтан, осының алдын алу үшін барлық ел жаңа әлеуметтік-экономикалық дамуға көшті. Адам мен қоғам заман талабына сай болуы керек. Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев адамзат алдында бұрын болмаған сын-қатерлер басталғаны жайында сөз қозғап, елді жаңа экономикалық дамуға көшіріп, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ден қойылуы керектігін айтты, – деді Серік Сейдуманов.

Айтуынша, Мемлекет басшысы әлеуметтік-экономикалық салаларды дамытуда бұрын болған қателіктерге жол берілмей, өз елімізден шыққан тауарларды тұтынып, өз жұмысшыларымызды жұмысқа тартып, даму деңгейіне көтеру керектігіне назарымызды аударды. 

Дүниежүзілік сауда-саттық ұйымдарының бақылауынша, біздің елімізде сауда-саттықтың дамуы нашар екені белгілі болғандықтан, Президент отандық өнімдерді өндіруді, ұлттық бизнесті барынша қолдау, ұлттық сауда жүйелерін жасқсарту керектігін атап өтті. Мемлекет басшысы қордаланған өзекті мәселелерді атап, агроөнеркәсіпті жоғары деңгейге көтеріп, ел-жұртты өнім өндіруге ынталандыру, өндірілген өнімдерді экспортқа шығару, тозып тұрған ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту, бәсекеге қабілеттілікті арттыру керктігін атап өтті. Суды үнемдейтін технология өте баяу енгізілуде. Суды шақтап пайдалану мәдениеті де жоқ. Еліміздің кейбір өңірлерінде суды ең көп жұмсайтын ауыл шаруашылығы саласында оның 40 пайызы босқа ысырап болып жатыр. Су шаруашылығы нысандарының 60 пайызы тозып тұр. Олқылықтардың орнын толтыру үшін өте батыл және шұғыл шаралар қажет, – дейді Серік Сейдуманов.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Серік Сейдуманов жеке мұрағатынан
Өзгелердің жаңалығы