ҚАУЛЫ:
1. «Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 1042 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентiнің жанындағы Адам құқықтары жөніндегi комиссияның құрамына енгізілсін:
Рогов Игорь Иванович – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары, Комиссияның төрағасы (келісім бойынша);
аталған Комиссияның құрамынан Қ.С. Мусин шығарылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.