Адам ДНК-сы туралы фильмде робот басты рөлді сомдайды

Алматы, BAQ.KZ. Жапонияда Эрика есімді робот ғылыми-фантастикалық фильмде басты рөлді сомдайды. Бұл робот актер ретінде қатысып жатқан алғашқы фильм болмақ, деп жазды The Hollywood Reporter басылымы.

Бюджеті 70 миллион долларды құрайтын бұл фильм адам ДНК-сын жетілдіретін программа ойлап тапқан ғалым жайлы. 

Түсірілім жұмысы басталмас бұрын Эриканың қимыл қозғалыстарын тағы бір пысықтап, икемге келтірген. 

Киноны түсіру басталып кеткен, яғни Жапониядағы қойылымдары түсірілген, енді Еуропадағы бөлігін түсіру қалған. 

Жасанды интелектіге ие Эрика роботын Осаки мен Киото есімді жапон ғалымдары осыдан екі жыл бұрын жасап шығарған.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы