Ұлттық тасымалдаушы "Адал қызмет" жобасын іске қосты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Жолаушылар тасымалы" АҚ жолаушыларға қызмет көрсету сервисін арттыру және халықтан кері байланыс алу мақсатында "Адал қызмет" халыққа қызмет көрсету қызметін (консультативтік орталық) іске қосты. 

"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, жобаның негізгі міндеті – жолаушылар тасымалындағы барша өзекті проблемаларды айқындап, олады шешу алгоритмін дайындау.

Бұл орталықтың негізгі қызметі жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату бойынша "сұрақ-жауап" форматында қызмет көрсету, электрондық темір жол билеттерін сатып алу, багаж бен жүкті тасымалдау мәселелері бойынша жолаушыларға кеңес беру болып саналады, - делінген ақпаратта.

Бұл жоба "Халықтық бақылау" Жол картасының іс-шаралары аясында жүргізіліп отыр.

2019 жылдың қараша айында аталған жоба елордалық "Нұр-Сұлтан-1" вокзалында сынақтан өткізіліп, өзінің кажеттілігі мен тиімділігін көрсетті.

Осы жылдың 11-13 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтан-1, Алматы, Шымкент, Ақтөбе вокзалдарында Компанияның орталық аппараты мен оның филиалдары қызметкерлерінің қатарынан төрт топ жұмыс атқарды. Үш күн ішінде "сұрақ-жауап" форматында билеттерді сатып алу және қайтару, Күту парағының жұмыс механизмі, сондай-ақ топтық билеттерді брондау және тасымалдау ережелері бойынша жолаушылардан 1000-нан астам өтініш келіп түсті, - деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ-да.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы