«Адал» партиясының өкілдері Ұлан ауданында болды

Алматы, BAQ.KZ. «Адал» партиясының өкілдері Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Қ. Қайсенов ауылының тұрғындарымен кездесті. 

Жиын барысында тұрғындар жастарға жұмыс табу қиынға соғып отырғанын баяндады. Жұмыс берушілер жастардан жұмыс тәжірибесін талап ететін көрінеді. Тұрғындар колледждер мен жоғары оқу орындарында білім тәжірибе мен кәсіби қызметтен тұрса, жастарға үлкен көмек болар еді деген ұсыныс, тілектерін айтты.

Партия өкілдерінің тағы бір бөлігі Алматы облысы Көксу өңірінің Балпық-Би ауылының тұрғындарымен кездесті. Онда да тұрғындар өздерін мазалаған мәселелер бойынша айтып берді. Өңір тұрғындары бизнесті қолдауға арналған «Бизнес бастау» бағдарламасын әлі де жетілдіре түссе деген ниеттерін жеткізді. Сонымен қатар ауылды жерді газдандыру мәселесі де сөз болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы