ADAL партиясының цифрлық платформасын іске қосу үшін ауыл-аймақты аралауға тура келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін партия өкілі Мақсат Толықбай Adalpartiyasy.kz сайтының қызметтік мүмкіндігін таныстыруға арналған брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, сайттағы ақпарат ауыл-аймақтағы тұрғындар арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде қалыптастырылды.

Әр ауыл-аймақтың мәселесін өз құлағымен естіп, көзбен көру үшін екі-үш айдан бері 6 мыңнан астам адам өңірлерді аралады. Сайттағы картадан әрқайсыңыздың туған ауылыңыз туралы ақпаратты таба аласыздар. Ондағы басты проблемалар да осында көрсетілген. Партия парламентке өтетін болса, күштің көбі аймақтағы партия өкілдеріне түсейін деп отыр. Өйткені мәселелердің көбі осында. Ал сайт бізге мұндағы проблемаларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Бәрінен бұрын еліміздің шалғай ауылындағы азаматтың өзі өңірдегі мәселені көтеріп, сайтта хабарлама қалдыру арқылы, оны шешуге атсалысатын болады, - деді ол. 

Сондай-ақ, ол партия цифрлық жүйенің мүмкіндігін еліміздегі әлеуметтік мәселелердің шынайы бет-бейнесін көруге пайдаланатындарын атап өтті. Өйткені ондағы ақпаратты қалыптастырушы халық - олардың үні.

 

Бұған дейін партия өкілдері ADAL партиясының сайты ақпарат беруді ғана емес, мәселе шешуді көздеп отырғанын айтқан болатын.


 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы