ADAL партиясы мүшелері екі облыс тұрғындарымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ADAL партиясы мүшелерінің Ақтөбе мен Ақмола облыстарының тұрғындарымен кездесулері мазмұнды және қызу түрде өтті.

Ақтөбедегі кездесуге бизнес өкілдері, жастар және түрлі ұйымдардың қызметкерлері келді. Кездесу сұрақ-жауап форматында өтті.

Ақмола облысының Шортанды ауылында да партия өкілдері жергілікті тұрғындармен бірқатар кездесу өткізіп, оларға ауылды қолдау бағдарламасы туралы айтып берді.


Тұрғындар балаларының мектептегі шамадан тыс жүктеулеріне және оқу сапасының нашарлығына наразы екенін білдірді. Шортанды тұрғындарын толғандыратын ең өзекті мәселе – ауызсу жүйесінің тартылмауы екен.

Сондай-ақ, партия мүшелері Ақкөл қаласына да барды. Мұнда Ақкөл көлін тазарту мәселесі көтерілді. Партия өкілдері бұл мәселені жеке бақылауға алатын тәжірибелі эколог бар екенін айтты.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы