ADAL партиясы халықпен 1522 кездесу өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ADAL партиясы күн сайын аймақтарда шамамен 200 кездесу өткізеді, оған 3300-ден астам адам қатысады.
Партия мүшелері өздерінің жұмыс кестесіне кәсіпкерлермен кездесулердің үлкен блогын енгізді.
Қазір олар базарларға, сауда орталықтарына, киім-кешек және азық-түлік дүкендеріне барады. Кездесулерде кәсіпкерлер барлық сұрақ бойынша ақпарат ала алады.
Кәсіпкерлер көбінесе пандемия кезіндегі бизнестің қазіргі жағдайын айтып, ауылдағы фермерлікті дамыту үшін берілетін несие, жайылымдық жер, жеңілдетілген шарттар бойынша берілетін субсидиялар жайлы сауалдар қояды.
Жалпы осы уақытқа дейін аймақтарда 1522 кездесу өткізіліп, оған 22381 адам қатысты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Біз сайлаудың ел заңдарына сәйкес өтуін қамтамасыз етеміз – байқаушылар штабы төрағасы
Келесі жаңалық
Құлсары көшелерінен 5,6 млн текше метрден астам су шығарылды
Өзгелердің жаңалығы