ADAL партиясы елордада бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-сұлтан қаласында ADAL партиясының филиалы ұйымдастырған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі үлкен іс-шараға айналды. 

 ADAL партиясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 20-ға жуық жұмыс беруші бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңкеге 70-тен астам елордалық жұмыс іздеп келді.


 

Жалпы ADAL партиясы өкілдерінің халықпен кездесулері белсенді режимде жалғасуда. Бүгін Алматы облысының тұрғындарымен осындай кездесулерді партия мүшесі Ләззат Шыңғысбаева да өткізді. Атап айтқанда, ол Балқаш ауданында Бақанас ауылының тұрғындарымен кездесті. 

Бұдан бөлек Атырау облысындағы қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты партия өкілдері Мақсат Толықбай мен Дәулет Мұқаев онлайн-режимде халықпен кездесу өткізді. Олардың қатысуымен тікелей эфир ADAL партиясының әлеуметтік желілеріндегі парақшаларда және партия мүшелерінің жеке аккаунттарында өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы