ӘЧ: Қазақстандық спортшылар парадзюдодан 4 медаль жеңіп алды

Бакуде өткен парадзюдодан әлем чемпионатының бірінші күнінде Қазақстан қоржынына 2 «алтын» және 2 «қола» жүлде түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елімізге алғашқы алтынды J-2 -48 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жерлесіміз Ақмарал Науатбек сыйлады. Ақмарал финалда Францияның спортшысы Ауриерес Мартинет Сандринді иппонмен жеңіп, бірінші орыннан көрінді. Ал 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен едордалық спортшы Ерғали Шамей финалдық белдесуде неміс спортшысы Сасс Леннартті 1:0 ұпаймен жеңіп, екінші алтын медальға қол жеткізді.

Әлем чемпионатының қола жүлделері Даяна Федосова ( -57 кг) мен Олжас Оразалыұлы (-73 кг) бұйырды.

Айта кетейік, пара дзюдодан әлем чемпионаты Бакуде 11 қарашаға дейін жалғасады.  Жарыста 41 мемлекеттен 300-ден астам спортшы сынға түсуде.  Байрақты бәсекеде Қазақстан ұлттық құрамасынан 18 спортшы ел намысын қорғайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы