ӘЧ. Нариман Курбанов алғашқы төрттікте

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияның Китакушу қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем чемпионатында гимнастикалық ат снарядындағы финалдық сын аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Бұл жаттығу бойынша қазақстандық Нариман Курбанов финалға шыққан болатын. Ақтық сында Нариман 14,766 ұпай жинап, әлем чемпионатын төртінші орынмен тәмамдады. 

2019 жылы Штутгартта (Германия) өткен әлем біріншілігінде Нариман бесінші орынға табан тіреген болатын. 

Гимнастикалық ат снаряды бойынша америкалық Штефан Недарашик әлем чемпионы атанды. Күміс және қола жүлдені тиісінше Қытай және Жапония спортшылары жеңіп алды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы