ӘЧ. Еліміздің 4 боксшысы чемпион атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өтіп жатқан бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігінде бүгін төрт қазақстандық чемпион атанды.

2005-2006 жылғы жасөспірімдер арасында жеңіс тұғырынан көрінгендер қатарында Дамир Байпақов (46 келі), Төрехан Сабырхан (52 келі), Адайбек Ниязбай (54 келі), Бақтияр Анарбаев (57 келі) бар.

Финалда Дамир Байпақов ирактық Аббас Касимді жеңді. Қалған үшеуі өзбекстандық қарсыластарынан басым түсті. Атап айтқанда, Төрехан Сабырхан Абдулло Мадаминовті, Адайбек Ниязбай Мироншох Норкосимовты, Бақтияр Анарбаев Далержон Бозоровты жеңді.

Алда 66 келіде Ислам Советов өзбекстандық Фазлиддин Эркинбоевпен, 81 келіде Мохаммед Аттиа-Хамед тағы бір өзбекстандық Сардорбек Турсуновпен қолғап түйістіреді. Ал 81 келіден жоғары салмақта Ердос Шәріпбек үндістандық Бхарат Джоонмен шаршы алаңға шығады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Макрон Мосулға барды
Өзгелердің жаңалығы