ӘЧ-2026: СІМ футбол жанкүйерлеріне маңызды мәлімдеме жасады
Сыртқы саяси ведомство футбол тамашалауға баратын ел азаматтарына бірнеше жайтты ескеру керектігін айтты.
11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ пен Канадада футболдан Әлем чемпионатының финалы өтетіні белгілі. Осыған байланысты ҚР СІМ қазақстандықтарға маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл шараға көптеген шетелдік жанкүйерлер, оның ішінде Қазақстан азаматтары да қатысады деп күтілуде. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі чемпионат матчтары мен өзге де іс-шараларға баруды жоспарлаған азаматтарға жеке қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударуға кеңес береді, - деп атап өтті СІМ ресми өкілі Ерлан Жетібаев ведомствода өткен баспасөз брифингінде.
Министрлік ескертеді:
- Азаматтарға жеке басын куәландыратын құжаттарды үнемі өзімен бірге алып жүру;
- жергілікті құқық қорғау органдары мен іс-шара ұйымдастырушыларының талаптарын қатаң сақтау;
- сондай-ақ қоғамдық тәртіп ережелерін ұстану ұсынылады.
Сонымен қатар ресми емес фан-аймақтар мен адам көп шоғырланатын орындардан аулақ болуға, жеке заттар мен құжаттарды қараусыз қалдырмауға, қоғамдық орындарда сақ болуға және жергілікті билік органдары мен турнир ұйымдастырушылары тарататын ресми ақпаратты мұқият қадағалап отыруға шақырамыз, - деді сыртқы саяси ведомствоның ресми өкілі.
Еске сала кетейік, Франция астанасы Парижде ПСЖ (Paris Saint-Germain) клубының Чемпиондар лигасындағы жеңісін тойлау кезінде жаппай тәртіпсіздіктер болып, салдарынан 200-ден астам адам зардап шекті. Сонымен қатар бір адам қаза тапты.