ӘЧ–2026 іріктеу матчы алдында Норвегияда Израиль туы өртенді

Ослода 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы Израиль мен Норвегия арасындағы матч алдында шеру өтіп, оның барысында Палестинаның бостандығы мен тәуелсіздігі үшін наразылық білдірушілер Израиль туын өртеп жіберді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

TV2 арнасының хабарлауынша, шеруге мыңдаған адам қатысты. Кейбіреулер полиция тосқауылдарын бұзып өтті, содан кейін жергілікті тәртіп сақшылары көзден жас ағызатын газ қолдануға мәжбүр болды. Он адам қамауға алынды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы