Бүгiн 2026, 13:47 Фото: istockphoto.com

ӘЧ-2026: Австралия Түркияны ұтып, жанкүйерлерді таңғалдырды

Көпшілік фаворит санаған Түркия турнирді күтпеген жеңіліспен бастады.

Австралия құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатын сәтті бастап, Түркияны 2:0 есебімен күтпеген жерден жеңді.

Матч алдында Түркия құрамасы фаворит саналған еді. Өйткені ол ФИФА рейтингінде Австралиядан жоғары тұр. Алайда алаңда аустралиялықтар қорғаныста тәртіпті ойын көрсетіп, шабуылдағы мүмкіндіктерін тиімді пайдалана білді.

Кездесу барысында Винченцо Монтелла жаттықтыратын команда аумақтық басымдыққа ие болып, қарсылас қақпасына жиі қауіп төндірді. Түркия футболшылары шамамен 30 соққы жасағанымен, Австралия қақпасына гол соға алмады.

Ал Австралия құрамасы керісінше, барынша ұтымды ойын өрнегін көрсетіп, өз мүмкіндіктерін мүлт жібермей, жауапсыз екі гол соқты.

Осы жеңістің арқасында Австралия топтық кезеңдегі алғашқы маңызды үш ұпайын еншілеп, плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігін айтарлықтай арттырды.

Ал бұл жеңіліс өз тобында сәтті өнер көрсетеді деп күтілген Түркия құрамасы үшін жағымсыз тосынсый болды.