ӘЧ-2022: Оңтүстік Корея Гана құрамасынан жеңіліп қалды

Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатында 28 қарашада H тобында екінші турында Оңтүстік Корея және Гана кездесуі аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бірінші кезеңде ганалық футболшылар қатарынан екі гол соғып кетті. Оны Мохамед Салису 24, Мохамед Кудус 34-минуттарда мергендік танытты.

Екінші кезеңде корейлік футболшылар белсенді қимыл көрсетті. Нәтижесінде олардың қатарынан Чхо Кю Сун 58, 61-минуттарда көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Осылайша таразы басын теңесті.

Ал Мохамед Кудус 69-минутта қайтадан Гана құрамасын алға шығарды.

Осылайша Гана қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы