19 Желтоқсан 2022 2022, 00:20

ӘЧ 2022 финалы: Мессидің еңбегі мен Аргентинаның тарихи жеңісі

Бір айға созылған футболдан әлем чемпионаты Аргентинаның жеңісімен аяқталды, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Бір айға созылған футболдан әлем чемпионаты Аргентинаның жеңісімен аяқталды, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

«Лусаил» стадионында болған финал - голдар мен драмалық сәттерге толы болды.

Ойынның 23-минутында француз қорғаушысы тәртіп бұзып, айып добынан Аргентина капитаны Месси есеп ашты. Артынша, 36-минутта Аргентинаның негізгі құрамда бірінші рет шыққан Анхель Ди Мария есепті еселеп кетті.

Бірінші тайм толығымен аргентиналықтардың басымдығымен өтті. Есеп - 2:0

Екінші таймда да Аргентина құрамасы франциялықтарға бірде бір мүмкіндік бермейтіндей көрінді. Алайда, ойынның соңына қарай француздарға пенальти бұйырып, есепті қысқартты. Кейін матчтың бір минуты өтпестен, 81-минутта Мбаппе Францияның екінші голын соқты. Осылайша, 2:2 тіркелді. 

Матч қосымша таймда да қыза түсті. Аргентиналықтар толассыз шабуылға көшті. 109-минутта Месси ойынның нүктесін қойғандай көрінген, бірақ франциялықтар 117-минутта таразы басын пенальти арқылы қайта теңестірді.

Матч соңы пенальти лотераясымен бітті. Гонсало Монтиэль Льористің қақпасына мүдірмей гол салып, аргентиналықтарға кубок сыйлады.